М.Отыншиев: «Дағдарыс» орталығы 41 адамға қызмет көрсетті

/uploads/thumbnail/20180423133901841_small.jpg

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Батырбекұлы  мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, қызметтің келесі негізгі бағыттарының бірі мүгедектерге, зейнеткерлерге стационар, жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.  

2017 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер 6990 адамға көрсетілді.  

Стационар жағдайында қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1326 адамға көрсетілді, сонымен қатар мүгедек балаларға, қарттарға және де өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға:  

- №3 АӘҚ көрсету орталығында 352 адам; 

- №1 АӘҚ көрсету орталығында 739 адам; 

- №2 АӘҚ көрсету орталығында 184 адам;  

- Әлеуметтік тұрғын үйде 51 адам тұрды.   

Жартылай стационар жағдайында АӘҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор бойынша 850 адамға көрсетілді.  

Мемлекеттік сектормен АӘҚ 437 адамға көрсетілді: 

  • Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалардың күндіз болу орталығы (82 адам); 
  • Түрксіб және Бостандық аудандары бөлімдері (177 адам); 
  • Алмалы және Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары (178 адам). 

       Мемлекеттік емес сектормен АӘҚ 536 адамға көрсетілді:  

  • 413 мүгедектер  (мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы арқылы, «Мархабат» ҚҚ, «Амаль-Иман» ҚҚ, «Аруана Алматы» ҚҚ, «Кеңес» МҚҰ); 
  • 32 мүгедектер (өз бетімен өмір сүру орталықтары арқылы). 

Атап өту керек, зорлық-зомбылық мәселелерін шешу мақсатында «Дағдарыс» орталығы ашылды (мемлекеттік тапсырыс), 41 адамға қызмет көрсетілді.   

Анықтама:Түрксіб ауданындағы бөлімшесінде, көлемі 558,2 ш.м. бюджет – 110,2 млн.т., штаттық сандық көрсеткіші 38 адам. 

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандарына үкіметтік емес ұйымдармен «Қазақстан теңдей құқық және теңдей мүмкіндіктер институты» ҚҚ, қамтылған адам саны 65, және де адам саудасынан зардап шеккендерге «Родник» ҚҚ, қамтылған адам саны 26 адам. 

Үй жағдайында 4017 мүгедектерге және зейнеткерлерге қызметтер көрсетілді:  

  • Басқарманың 6 аудандық бөлімдері жанындағы 14 бөлімше (729 адам); 
  • Алмалы және Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары (1188 мүгедек балалар, оның ішінде 212 адам – 18 жастан асқан азаматтар); 
  • Аудандық әкім аппараттары жанындағы 29 бөлімше (2829 адам), - деп айтты басқарма басшысы.  

Связанные Статьи